09
июнь
2022
9,11-сынып ата-аналарымен бірлескен жиын

2022 жылдың, 23 мамыр күні 9,11 сынып ата-аналарымен бірлескен жиын болып өтті. Жиында "Қорытынды емтиханды тапсыруға даярлық кезеңінде ата-ана тарапынан оқушыларға психологиялық қолдау көрсету", "Емтихан кестесі және жүргізілу тәртібі", "Қауіпсіз жазғы демалыс", "Соңғы қоңырау рәсімі. Мемлекеттік аттестат тапсыру кешінің жүргізілуі, ұйымдастырылуы" жайлы мәселелер қаралды. Өзекті мәселенің бірі, 25 мамыр күнгі соңғы қоңырау кезінде Заңды өкілсіз, көлік қожайынсыз көлік жүргізу, дәмханаларда жасырын отырыстар өткізу сияқты бірқатар мәселелер талқыланып, балалардың өмір қауіпсіздігін қатаң сақтау ережелері түсіндірілді. Оқу жылы аяқталған күннен бастап, жазғы демалыс кезіндегі оқушы қауіпсіздігі тікелей ата-ананың міндеті мен жауапкершілігі екендігі айтылды. Жиын соңында көңілді тренинг жүргізіліп, өткен жиналыс бойынша кері байланыс алынды.