Мектеп мақтаныштары » Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Кордай ауданы білім бөлімінің
"Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 7-13-73
Есепші бөлімі:
+7(72636) 7-13-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
июнь
2022

Мектеп мақтаныштары

Дана халқымыз: «Әдепті баланы өсірсең ауылдың абыройы, ақылды бала өсірсең алты Алаштың абыройы», – деп бекер айтпаған. Он бір жыл мектепте үздік оқып, ата-ана мен ұстаздарының қуанышы болған мектеп бітіруші түлектер - мектебіміздің  мақтанышы!  Олардың болашағынан ел-жұрты үлкен үміт күтеді. Биылғы жылы мектебіміз бойынша үздік оқып, білім алған 2 “Алтын белгіден” үміткер ұлдарымыз : Алпысбаев Шерхан, Жайсанбек Нұржан және 1 «Үздік оқушы» қызымыз Ержан Алина үміткер болып, оның 3-уі де өз білімдерін дәлелдей алды. Оларға бұл жеңіс оңайға түскен жоқ.   Өйткені, олар 11 жыл оқып, жинаған білімін ұлттық бірыңғай тестілеуде нақтылай білуге тиіс болды. Мектебіміздің абыройын асқақтатқан түлектерімізге алғысымызды айта отыра, қанаттарың талмай биікке ұша беріңдер деп тілек тілейміз.

Сонымен қатар, «Үздік аттестат» иегерлерін де айта кетуіміз керек. 9 жыл білім нәрімен сусындап өз «Үздік аттестаттырына» ие болған, 9 «Ә» сынып оқушысы-Мұхитқызы Мадина, 9 «Б» сынып оқушысы- Несыпқали Гүлназ және 9 «В» сынып оқушысы-Акрамов Нұрасыл.