03
июль
2023
Мектебімізде жазғы лагерь жалпы «Күншуақ» атауымен бастау алды.
Мектебімізде жазғы лагерь жалпы «Күншуақ» атауымен бастау алды. Лагерьдің ашылу салтанаты өз деңгейінде болып өтті. Іс-шараға 80-нен астам оқушы келіп, ата-аналар көрермен болып, лагерь жұмысын бақылап қайтты. Лагерь жетекшілері М.Бозымбекова, М.Бақтыбек, Г.Сеиткулова, М.Уатаева, А.Жабаева, А.Муталханова, М.Мадышева, А.Оспанова келген оқушылармен танысып, әр түрлі кейіпкерлердің киімдерін киіп, рөлді сомдап, оқушылармен қызықты ойындар ұйымдастырды. Ашылу салтанаты барысында оқушылар өз шығармашылық өнерлерімен бөлісі, ән, би тарту етті. Өнер көрсетіп, көрермендердің көзайымы болған балаларға сый құрмет көрсетіліп, сыйлықтар таратылды. Жиын соңында жетекшілер өз топтарымен таныстырып, балалармен бекітілген дәрістеріне қайтты. Дәріс ішінде бүгінгі күні «Бейбітшілік ту астында» тақырыбында көркем сурет салу, «Тәтті үстел» (таныстыру), жалпы көңілді би жарысы, «Балмұздақ» Party жоспарлануда. Оқушыларға мектеп медбикесі, дене шынықтыру пән мұғалімі, ұйымдастырушы тәлімгер, жауапты қызметкерлер мен тәрбиешілер таныстырылды. Қазіргі таңда тәрбиешілерге лагерьдің жұмыс жоспары таныстырылып, ұсынылды. Мектепте барлық қауіпсіздік техникасының ережелері сақталған. 


