Кенен Әзірбаев атамыздың туғанына 140 жыл » Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Кордай ауданы білім бөлімінің
"Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 7-13-73
Есепші бөлімі:
+7(72636) 7-13-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кенен Әзірбаев атамыздың туғанына 140 жыл
08
январь
2025

Кенен Әзірбаев атамыздың туғанына 140 жыл

Кенен Әзірбаев - сан өнерді жарастырып тең ұстаған ұлы өнерпаз; жырау әрі ақын, жыршы әрі күйші, әнші әрі композитор, шежіреші әрі ел мұрасын сақтаушы үлкен қайраткер.

Ақындық, сазгерлік, жыршылық өнерімен қайраткер дәрежесіне көтерілген өз заманының саусақпен санарлық аз тұлғаларының бірі.

«Кенеке, сіз күміс көмей әншілігіңіздің үстіне, ғұлама жырау әрі әбжіл шешен, байтақ шежіре екенсіз», деп ұлы Мұхтар Әуезов бағалаған Кенен атамыздың туғанына биыл 140 жыл толып отыр.

Осыған орай, «Ақындардың атасы алып Кенен, Сен жасайсың мәңгілік халықпенен» тақырыбында мерекелік іс-шара өтілді. Мектеп ошағына ұлы өнерпаздың құрметіне бюст (мүсін) орнатылып, Кенен атамыздың ұл-қыздары, немерелері, барлық кіші ұрпақтары және ауылдың құрметті азаматтары, ардагер ұстаздары, мекеме басшылары мүсіннің салтанатты ашылу кезеңіне қатысып, жылы лебіздерін, құрмет тілектерін, ыстық ықыластарын жеткізді.

Мерекелік іс-шараның жалғасы концерттік бағдарламаға ұласып, көпшіліктің назарына ұсынылды. Концерттік бағдарламада Кенен атамыздың халыққа танымал өлең-жырлары, әсем сазды әндері орындалды.

Ерекше қонақтарымыз, әлемге танымал Қазақстандық опера әншісі (баритон). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Әбдірахманұлы Байғожин, әнші, “Голос дети” байқауының жеңімпазы Ержан Максим және дәстүрлі әнші Бейбіт Әміржанұлы Мұсаев ақынның сазды әуендерін жиылған қауымға тарту етті.