08
январь
2025
12.06.2024 күні мектебімізде 9-сыныптың түлектеріне аттестат тапсыру салтанатты жиыны.
12.06.2024 күні мектебімізде 9-сыныптың түлектеріне негізгі орта білім туралы аттестат тапсыру салтанатты жиыны өтті. Негізгі орта білім туралы "Үздік аттестат" Сержан Минара, Атабаев Думан, Бақыт Жансерік, Килибаева Анель, Сембай Еңлік, Есимова Меийрім, Жанатбек Жігер, Сатыбалдинова Нурсулуға табысталды. Шара барысында сөз алған түлектер ұстаздарға алғыстарын білдіріп, сыныптастарына үлкен өмірге сәттілік тіледі. Өз кезегімізде біз де түлектерімізге жарқын болашақ тілей отырып, мектебімізде асыға күтетінімізді жеткізгіміз келеді. Сәт сапар, жас түлек!
Сонымен қатар, "Үздік аттестат" иегерлеріне ауыл әкімі Дидар Есимов, жеке кәсіпкерлер және ауыл тұрғындары Джавгашев Самат, Аульев Мұрат, Абдибакиев Маргулан, Ауельбеков Жақсыбай, Нүсіп Жанерке демеушілік көрсетіп, қаржылай сыйлық ұсынды.