Іс-шаралар » Страница 13 » Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Кордай ауданы білім бөлімінің
"Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 7-13-73
Есепші бөлімі:
+7(72636) 7-13-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық "Ауыл олимпиадасы"
08
январь
2025
Республикалық "Ауыл олимпиадасы"
9-11 сыныптар арасында Республикалық "Ауыл олимпиадасы" өтілді. 33 оқушы аудандық кезеңге жолдама алды.
Рақымжан Қошқарбаев және Сағадат Нұрмағанбетовтың  туғанына -100 жыл
08
январь
2025
Рақымжан Қошқарбаев және Сағадат Нұрмағанбетовтың туғанына -100 жыл
"Халық қаһармандары" Рақымжан Қошқарбаев және Сағадат Нұрмағанбетовтың 100 жылдығына орай, "Ұранды ердің ұрпағы қайсар" атты аудандық сапта жүріп ән айту байқауында "Жас Ұлан" командасы "Бас жүлде" иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Құттықтаймыз!
"Бала қауіпсіздігі - қоғам байлығы" тақырыбында жалпы ата-аналар жиын
08
январь
2025
"Бала қауіпсіздігі - қоғам байлығы" тақырыбында жалпы ата-аналар жиын
"Бала қауіпсіздігі - қоғам байлығы" тақырыбында жалпы ата-аналар жиыны болып өтті. Күн тәртібінде "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" негізінде іс-шаралар жоспары, "Мектептің ішкі тәртіп ережелері", "Мектеп формасын сақтау қағидалары", "Кәмелеттік жасқа толмаған оқушылардың қылмыстық жауапкершілігі" тақырыптары аясында сөз қозғалып, талқыланды.
"111 жедел қызмет" орталығы бойынша түсіндірме жұмыс
08
январь
2025
"111 жедел қызмет" орталығы бойынша түсіндірме жұмыс
7-11 сынып оқушыларымен қыркүйек айынан бері қолданысқа енгізіліп, іске қосылған "111 жедел қызмет" орталығы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиын соңында психологиялық тренинг ұйымдастырылып, кері байланыс алынды. Оқушылар өздеріне көмек қажет болған кезде, балалардың құқықтары бұзылса, бала көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалса , оның өміріне және денсаулығына қауіп төнген жағдайда "111 жедел қызмет" бөліміне хабарласуына болады.
“Өлең - жырдың құлагері”
08
январь
2025
“Өлең - жырдың құлагері”
“Өлең - жырдың құлагері” тақырыбында Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығына орай, поэзия кеші болып өтті. Іс-шараға 9-13, 14-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысты. Оқушылар мақтау қағазымен марапатталып, үздік атанған Мейірбек Аружан Бахтиярқызы және Базарбай Жібек Бауыржанқызы аудандық байқауға жолдама алды.
“Әкем, анам және мен” тақырыбында спорттық сайысы.
08
январь
2025
“Әкем, анам және мен” тақырыбында спорттық сайысы.
“Әкем, анам және мен” тақырыбында 5-6 сыныптар арасында спорттық сайыс болып өтті. Сайыс нәтижесі бойынша: 1 орын 5«Ә» сыныбы, Бозымбековтар әулеті 2 орын 5«Б» сыныбы, Совхозбектер әулеті 3 орын 5«В» сыныбы, Мусаевтар отбасы және 6«В» сыныбы Лебедевтер әулеті иеленді.
“Таза Қазақстан” акциясы
08
январь
2025
“Таза Қазақстан” акциясы
“Таза Қазақстан” акциясы барысында күзгі абаттандыру мезгіліне сәйкес, мектеп ауласын жасылдандыру жұмыстары жүргізілуде. Мектеп алаңына 20 тал жеміс ағаштары отырғызылды.
«Welcome to the English board»
08
январь
2025
«Welcome to the English board»
Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Welcome to the English board» тақырыбында интеллектуалды сайыс болып өтті.
“Язык-мост дружбы”
08
январь
2025
“Язык-мост дружбы”
Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай, орыс тілі және әдебиет пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Язык-мост дружбы” тақырыбында концерттік бағдарлама болып өтті.