Іс-шаралар » Страница 15 » Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Кордай ауданы білім бөлімінің
"Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 7-13-73
Есепші бөлімі:
+7(72636) 7-13-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
2023-2024 оқу жылының түлектеріне арналған іс-шара
08
январь
2025
2023-2024 оқу жылының түлектеріне арналған іс-шара
Құрметті 2023-2024 оқу жылының түлектері! Барасыздар өмірді гүл еткелі. Әр жылы осы күні қимастықпен, Соғады ұстаздардың жүректері. Көңіл толқып жанады осы күні, Түлектерім, есте сақта мәңгі мұны. Болашақтың үміті сендерсіздер, Алтын күннің таратылған сәуле, нұры. Бұл шараға мектеп директоры, мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналар, жиын қонақтары қатысты. Биылғы дәстүрлі кешіміздің орны айтарлықтай ерекше, себебі Мемлекеттік емтиханның қортындысы бойынша 11 сынып оқушылары Акрамов Нурасыл,
12.06.2024 күні мектебімізде 9-сыныптың түлектеріне аттестат тапсыру салтанатты жиыны.
08
январь
2025
12.06.2024 күні мектебімізде 9-сыныптың түлектеріне аттестат тапсыру
12.06.2024 күні мектебімізде 9-сыныптың түлектеріне негізгі орта білім туралы аттестат тапсыру салтанатты жиыны өтті. Негізгі орта білім туралы "Үздік аттестат" Сержан Минара, Атабаев Думан, Бақыт Жансерік, Килибаева Анель, Сембай Еңлік, Есимова Меийрім, Жанатбек Жігер, Сатыбалдинова Нурсулуға табысталды. Шара барысында сөз алған түлектер ұстаздарға алғыстарын білдіріп, сыныптастарына үлкен өмірге сәттілік тіледі. Өз кезегімізде біз де түлектерімізге жарқын болашақ тілей отырып, мектебімізде
4 саусым — Мемлекеттік Рәміздер күні.
08
январь
2025
4 саусым — Мемлекеттік Рәміздер күні.
4 саусым — Мемлекеттік Рәміздер күні. Мемлекеттік рәміздер — Ту, Елтаңба және Әнұран — Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер — халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Мемлекеттік рәміздер — ел дамуының ажырамас бөлігі. Мереке құтты болсын!
Бала - өмірдің жалғасы, елдің болашағы.
08
январь
2025
Бала - өмірдің жалғасы, елдің болашағы.
Бала - өмірдің жалғасы, елдің болашағы. Әрбір баланың тәтті қылығы, тыныш ұйқысы, алаңсыз күлкісі маңызды. Қай халықтың болмасын елдігін, салт-дәстүрін, ата-мекенін болашаққа апаратын бүгінгі жас ұрпағы. Дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ. Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Өміріміздің жалғасы, көзіміздің ағы мен қарасы – Балаларды қорғау күні құтты болсын!
«Күншуақ» жазғы сауықтыру лагері
08
январь
2025
«Күншуақ» жазғы сауықтыру лагері
27 мамыр күні мектепішілік «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің ашылуы мектеп ауласында өткізілді. Оқушылармен таныстырылым жұмыстары жүргізіліп, өнерпаз оқушылар ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Лагерь басшылығы оқушыларды құттықтап, бүлдіршіндерді маусым аралығы белсене қатысуларын, бос уақыттарын тиімді пайдалану жолдарын айтты.
Артқа салған кездесу жиырма жыл
08
январь
2025
Артқа салған кездесу жиырма жыл
Артқа салған кездесу жиырма жылды, Сағынышпен шырқатып ән мен жырды. Мектептегі бал күндерді еске аламыз, Сол шақтағы қызықты, біздер құнды. Бұл кездесу жанымызға нұр сыйласын, Бұл кездесу баршаңызға жыр сыйласын. Мектептегі естеліктер жанды тербеп, Бұл кездесу ұмытылмас үн сыйласын. Мектеп ұясын 20 жыл бұрын аяқтап, түлеп ұшқан түлектер жиын қонағы болып, 2 дана тігін машинасын сыйға тартты.
«Білімім – Отаныма!»
08
январь
2025
«Білімім – Отаныма!»
24 мамыр күні «Білімім – Отаныма!» жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаты өтілді. 2023-2024 оқу-жылының қорытындысында өткізілетін тәрбие сағатының мақсаты балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу болып табылады. Тәрбие сағатына барлық 1-11 сынып оқушылары қамтылды.
"Білім көзі бастауышта!"
08
январь
2025
"Білім көзі бастауышта!"
Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу; Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныту мақсатында "Білім көзі бастауышта!" бастауыш сыныппен қоштасу кеші болып өтті.
"Театрдың ғажайып әлемі" аудандық фестиваль
08
январь
2025
"Театрдың ғажайып әлемі" аудандық фестиваль
Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеудің, тұлғаның үйлесімді дамуының факторы ретінде балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдау және дамыту, өзін-өзі көрсетуге, әлемді бейнелі түсінуге бірегей қабілеттерін қалыптастару мақсатында БЖШО /Балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығының/ ұйымдастыруымен "Театрдың ғажайып әлемі" аудандық фестиваль-байқауында "Балдырғандар" ұжымы жүлделі ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Атаханова Малика Рузиевна. Құттықтаймыз!