Іс-шаралар » Страница 16 » Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Кордай ауданы білім бөлімінің
"Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 7-13-73
Есепші бөлімі:
+7(72636) 7-13-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Бейбіт күн жасасын әлемде!"
08
январь
2025
"Бейбіт күн жасасын әлемде!"
7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай, оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, ерлік істері туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында "Бейбіт күн жасасын әлемде!" тақырыбында көркем еңбек пән мұғалімдері Г.Базарбаева және А.Тулемисованың ұйымдастыруымен өткізілген сурет салу, жоба қорғау байқауында жүлделі орындарға ие болған оқушылар марапатталды. Байқауға 7-8 сынып оқушылары қамтылды.
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күні
08
январь
2025
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күні
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күніне орай, "Ел қорғаған батырлар" және "Ұмытпаймыз ешқашан" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтілді. Сынып сағатына барлық 1-11 сынып оқушылары қамтылды.
"Қазақстан патриоты" төс белгісі
08
январь
2025
"Қазақстан патриоты" төс белгісі
№41 Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің АӘД пән мұғалімі Сакышев Н "Қазақстан патриоты" төс белгісімен марапатталды. Қордай ауданы Ауған соғысы ардагерлері төрағасы Д.Кыргизбаев. 6 мамыр, 2024 жыл.
"Талап, ар-ұят, ұлттық мүдде" құндылықтарын насихаттау
08
январь
2025
"Талап, ар-ұят, ұлттық мүдде" құндылықтарын насихаттау
Сабақ кезеңдерінде оқушыларға белсенді оқыту әдіс-тәсілдерiн тиімді қолдана отырып, өмірмен байланыстыру арқылы шығармашылықтарын дамыту және уақытты тиімді қолдану. Білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. "Талап, ар-ұят, ұлттық мүдде" құндылықтарын насихаттау мақсатында аудандық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында: - 1 "Ә" сыныбы "Ұсақтау және сатып алу" тақырыбында Базарбаева
Ауыл тазалығы - халық айнасы. Тазалық - денсаулықтың кепілі.
08
январь
2025
Ауыл тазалығы - халық айнасы. Тазалық - денсаулықтың кепілі.
Біздің де өмірімізді жарық қылатын,жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын ,өмірдегі басты байлық-денсаулық. Денсаулық-бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. «Ауылына қарап азаматын таны» дейді атам қазақ. Сырттан қараған сыншыл көз ауылымызға қызыға қараса мақтаныш емес пе? Сондықтан, барлық ауыл тұрғындарын көктемгі абаттандыру кезеңінде белсенділік танытуларын сұраймыз. Осы ретте, өскелең ұрпағымыздың дені сау болсын десек,
Кенен Әзірбаев атамыздың туғанына  140 жыл
08
январь
2025
Кенен Әзірбаев атамыздың туғанына 140 жыл
Кенен Әзірбаев - сан өнерді жарастырып тең ұстаған ұлы өнерпаз; жырау әрі ақын, жыршы әрі күйші, әнші әрі композитор, шежіреші әрі ел мұрасын сақтаушы үлкен қайраткер. Ақындық, сазгерлік, жыршылық өнерімен қайраткер дәрежесіне көтерілген өз заманының саусақпен санарлық аз тұлғаларының бірі. «Кенеке, сіз күміс көмей әншілігіңіздің үстіне, ғұлама жырау әрі әбжіл шешен, байтақ шежіре екенсіз», деп ұлы Мұхтар Әуезов бағалаған Кенен атамыздың туғанына биыл 140 жыл толып отыр. Осыған орай,
22- Наурыз Ұлыстың Ұлы күні
08
январь
2025
22- Наурыз Ұлыстың Ұлы күні
Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған. Наурыз мейрамы – діни мереке емес. Бұл қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Мектептегі мерекелік іс-шаралардан көрініс..
Қайырымдылық — ізгіліктің көрінісі.
03
декабрь
2024
Қайырымдылық — ізгіліктің көрінісі.
Қайырымдылық — ізгіліктің көрінісі. Ол көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен қол ұшын беру болып табылады. Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болу керек емес. Ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Осы орайда, 5 сынып жетекшілері М.Бақтыбек және А.Жабаеваның ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы өтілді. Жәрдем беріп, демеуші болған ата-аналарға алғыс білдіреміз.
«Ұлттық киім»-күні
03
декабрь
2024
«Ұлттық киім»-күні
Әр ұлтты ерекшелендіретін – дәстүрлі құндылықтары. Адамның жеке қолтаңбасы болатыны секілді, әр ұлттың қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-санасы бар. Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.Сондықтан, дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында өткелі отырған «Ұлттық киім» күнінің маңызы зор.