Наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, береке мен бірліктің мерекесі. Бұл күні әр шаңыраққа шаттық орнап, қуаныш пен молшылық еселене түссін! Көңілдеріңіз жадырап, өмірлеріңіз көктемдей гүлдене берсін! Бір-бірімізге деген мейіріміміз артып, жақсылықтар көбейе берсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әрбір атқан таң қуаныш пен табыс әкелсін! Наурыз құтты, мерекелі болсын!