«Ұстазыңды құттықта!» челленджі
Оқу-ағарту министрлігі жариялаған «Ұстаз – ұлт шамшырағы» онкүндігі аясында еліміздің барлық өңірінде «Ұстазыңды құттықта!» челленджі бастау алды. Бұл шараның негізгі мақсаты — әр баланың жүрегіне жол тауып, оған білім мен тәрбие берген, өмірлік бағыт-бағдар көрсеткен ұстаздарға алғыс пен құрмет білдіру. Осы челленджге орай мектебіміздің директоры да үн қосып, өзіне білім мен тәрбие берген ардақты ұстаздарын ерекше ықыласпен құттықтап, жүрекжарды алғысын жеткізді. Ұстаздарға арналған бұл игі