«Лудомания – ғасыр дерті» » Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Кордай ауданы білім бөлімінің
"Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 7-13-73
Есепші бөлімі:
+7(72636) 7-13-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
декабрь
2025

«Лудомания – ғасыр дерті»

8-сыныптар арасында пікірсайыс турнирі өтті: «Лудомания – ғасыр дерті»
8-сынып оқушылары арасында «Лудомания – ғасыр дерті» тақырыбында мектепішілік пікірсайыс турнирі өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды өзекті әлеуметтік мәселелерге бей-жай қарамауға, сыни ойлауға және өз көзқарастарын еркін білдіруге үйрету болды.
Пікірсайыс барысында қатысушылар құмар ойындарға тәуелділіктің (лудоманияның) жасөспірімдер өміріне, білімге, отбасына және қоғамға тигізетін кері әсерлері туралы өз ойларын ортаға салды. Әр фракция өз позицияларын нақты дәйектермен, логикалық тұжырымдармен қорғап, тартысты ойын көрсетті. #Біртұтас_тәрбие