03
июль
2020
Мемлекетімізді ұлықтайтын бүкіл халықтың мерекелердің бірі - астанамыз Нұр-Сұлтан қаласының туған күні.
Мемлекетімізді ұлықтайтын бүкіл халықтың мерекелердің бірі - астанамыз Нұр-Сұлтан қаласының туған күні. Арманға айналған Нұрсұлтан қаласы бүгінгі таңда елдігіміз бен тәуелсіздігіміздің белгісін айшықтай отырып, әлемдік аренада өз орнын таба білді. Есіл өзенінің жағалауынан бой көтерген әсем де арман қала Нұр-Сұлтан гүлдей жайнап, әлемнің көрікті қаласына айналсын! Астанамыздың бас сәулетшісі, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойымен құттықтай келе шын жүректен мықты денсаулық, белсенді және ұзақ ғұмыр тілейміз! Елбасымыздың елі мен халқы алдындағы ерен еңбегі - жас ұрпаққа үлгі - өнеге екені сөзсіз. Осы бір тамаша мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт - береке, бірлік, Отанымыз гүлдену мен бейбітшілік тілейміз.Халқымыздың баянды бірлігі, ұйыған татулығы жасасын!
Сатыбалдиева Г.Ж - #41 К. Әзірбаев атындағы орта мектеп директоры