Бүгін Мемлекет- басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің пандемияның күрделеніп тұрған жағдайына байланысты үндеу жасады. » Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Кордай ауданы білім бөлімінің
"Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 7-13-73
Есепші бөлімі:
+7(72636) 7-13-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін Мемлекет- басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің пандемияның күрделеніп тұрған жағдайына байланысты үндеу жасады.
09
июль
2020

Бүгін Мемлекет- басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің пандемияның күрделеніп тұрған жағдайына байланысты үндеу жасады.


Бүгін Мемлекет- басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің пандемияның күрделеніп тұрған жағдайына  байланысты үндеу жасады. Ол өз сөзінде "Әр қазақ - менің жалғызым" дегендей, мына індеттің арамыздан асылдарымызды жұлып әкетіп жатқаны, қатты жүрегіне бататынын жеткізе отырып, қаралы қара жамылған отбасыларына көңіл айтып 13 - шілде Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Сондай - ақ Президентіміз өте қауіпті, батпандап кіріп, мысқалдап шығатын мына дертпен күресуде өз жұмысына салғырттық танытқан жүйелерді сынға алып, оларды жауапкершілікке тартатынын, елімізде індетті жұқтырғандардың тез жазылып кетуіне мемлекет тарапынан қажетті шаралардың қабылданып, оны өз бақылауында ұстайтынын айтты. Құрметті Қазақ елі "Жалғыз ағаш орман болмас" демекші осындай қиын жағдайда ел арасында жүріп жатқан қаңқу сөздер мен жалған ақпараттарға сене бермей, еліміздің саналы азаматы ретінде еңсемізді көтеріп сырқаттанып жатқан халыққа қолдау жасап, көмек қолымызды созып Президентімізбен бірге болайық.
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы елдегі қиыншылықтардың барлығында халық пен бірге болып, қолдап жатқаныңызға алғысымыз шексіз сізге.
Індетті жеңеміз! Біз біргеміз!