08
январь
2025
Мектеп парламентінің Президентін сайлау науқаны
№41 Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінде мектеп парламентінің Президентін сайлау науқаны өтті. Іс-шараға лайықты 4 үміткер ұсынылды. Сайлауға Базарбай Жібек, Тлеукенова Аяжан, Амандық Жанерке және Төлеуқұл Зейнеп қатысты. Президенттікке үміткерлер өте белсенді. Барлығы Президент мәртебесіне қол жеткізгісі келетін мақсаттар қойды. Барлық оқушылар мектеп парламентінің мүшесі болуға лайық. Мектептің іс-шараларына белсенді қатысады, мектепті жақсартуға үлкен ықыласы бар. Әрбір кандидат сайлаушыларды тарту бойынша белсенді қызметті өрістетті. Атап айтқанда мектептің әлеуметтік желілерінде үгіт-насихат бағдарламасымен таныстырды. Дауыс беру 7-11 сынып оқушылары арасында жүргізілді.Дауыс беру нәтижесі бойынша мектеп парламенті Президентіне үміткер Амандық Жанерке 102 балдық санақ көрсеткішімен басып озып, алдыңғы қатардан көрінді. Санақ жүргізген комиссия мүшелерімен хаттама толтырылды.