«Отбасы құндылығы - сарқылмас қазына»
Аудандық «Отбасы құндылығы - сарқылмас қазына» тақырыбында аймақтық мектептердің ата-аналарымен кездесу болып өтті. Кездесу жиынына Қордай ауданының білім бөлімінің бас маманы Қалдарбеков Асхат Қасымұлы, Қордай ауданының білім бөлімінің әдіскері Конбаева Ақмарал Макседовна, Отар ауылдық амбулаториясының психологы Табыс Назерке Толегенқызы, полиция бөлімінің кәмелет жасқа толмағандардың учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ибраимов Бекзат Бақтыбекұлы қатысты.