“Өнеріміз саған – Қазақстан!” атты аудандық байқау
Қуанышты жаңалық! №41 Кенен Әзірбаев атындағы орта мектептің мектепалды даярлық сынып тәрбиеленушісі — Серікхан Әдемі, жетекшісі: Нүсіп Ж.Е., “Өнеріміз саған – Қазақстан!” атты аудандық байқауға қатысып, Бас жүлдені иеленді! 🏆 Жас өнерпаздың бұл жетістігі — үлкен еңбектің, дарын мен табандылықтың жемісі. Әдемі енді аталмыш байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алып, мектеп абыройын өңірлік деңгейде қорғайтын болады. Жас өнер иесіне және жетекшісіне алдағы сайыста сәттілік тілейміз!