2020-2021 оқу жылында 39 түлек алтын ұя мектебімен қоштасып, жаңа белестерге нық қадам басуға аттанды. » Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Кордай ауданы білім бөлімінің
"Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 7-13-73
Есепші бөлімі:
+7(72636) 7-13-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2020-2021 оқу жылында 39 түлек алтын ұя мектебімен қоштасып, жаңа белестерге нық қадам басуға аттанды.
15
июнь
2021

2020-2021 оқу жылында 39 түлек алтын ұя мектебімен қоштасып, жаңа белестерге нық қадам басуға аттанды.

Маусым айының 14-і күні Қазақстанның барлық елді-мекендерінде түлектер үшін ең құтты күндердің бірі, үлкен өмірге қадам басардағы алғашқы қадамдары, 11 жыл бойы оқып, білім алған еңбектерінің нәтижесін көруде маңызды күндердің бірі ретінде адамгершілік құндылықтары берік негізі бар нәтижеге бағдарланған жан-жақты тұлға қалыптасуына бағыт-бағдар беру, туған жеріне, мектебіне, ұстаздарына, ата-аналарына деген сүйіспеншілік, ризашылық сезімін дамыту, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Тәуелсіз елдің ұландары» атты салтанатты аттестат тапсыру жиыны болып өтті. 2020-2021 оқу жылында 39 түлек алтын ұя мектебімен қоштасып, жаңа белестерге нық қадам басуға аттанды. Осы орайда, Қиындықтар мойытпасын сіздерді, Батылдықпен асыңдар сан белдерді. Біліміңмен қуантсаңдар мектепті, Жақсы іспен қуантыңдар енді елді. Қыран болып ұшыңыз, Оқуларға түсіңіз. Еңбекте көп қуаныш Елде талай туар іс. Кемелденген маман боп, Келіңіздер аман боп. Мерейлі боп күніңіз Мектепке кеп тұрыңыз. Сағынамыз күн сайын, Кездесейік жыл сайын. Сіздерге жалын жүрекпен Айтамыз достық тілекпен. Әрқашан сәтті жол болсын!-дей отырып, барлық мектеп ұжымы сіздерге ақ жол тілейміз.​​​