09
июнь
2022
Мектептегі соңғы қоңырау салтанаты
Мектептегі соңғы қоңырау салтанаты Отар ауылы №41 Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінде өтті.Мерекелік іс-шара бітіруші түлектерді ортаға шығарып, Мемлекеттік Ту кіргізіліп Әнұранды айтумен басталды. Мектеп басшысы өз құттықтауымен іс-шараны ашты. Сонымен қатар ардагер ұстаздар, ата-аналар, мектеп бітіруші түлектер шара барысында құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді. Ауыл әкімінің әдіскеріне сөз берілді, құттықтау лебізімен бірге мадақтамалар табыстады. 11 сынып оқушылары соңғы вальстерін билеп, шарларын үшырды. Мектебіміздің кішкентай бүлдіршіндеріде атсалысты.