Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу » Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Кордай ауданы білім бөлімінің
"Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 7-13-73
Есепші бөлімі:
+7(72636) 7-13-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу
08
январь
2025

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу

Қазіргі уақытта жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу өзекті мәселе. Құқық бұзушылық — бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі.

Осы орайда, Қордай ауданы жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Ювеналдық полиция тобының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Жотабай Бауыржан Тілеужанұлы 7-11 сынып оқушыларымен "Буллинг" туралы түсініктеме беріп, қылмыстың алдын алу және жауапкершілік туралы өзекте мәселер жайлы ақпарат берді. Оқушылардың мектептің "Ішкі тәртіп Ережесін" сақтап, құқық бұзушылыққа бой алдырмауларын атап айтты.

Сонымен қатар, 18 жасқа толмағандарға заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде болуға тыйым салынатындығы туралы айтылды.