08
январь
2025
«Адам папиломасы вирусы»
Врач-педиатр А.Көшкінбаева «Адам папиломасы вирусы» туралы бастапқы таралу жолдары мен зардаптары жайлы түсініктеме берді. Ата-аналар арнайы әзірленген бейнероликпен танысты. Қазіргі уақытта белең алып жатқан қауіпті вирус жайлы ата-аналар өз пікірлерімен бөлісіп, кері байланыс берді. Сонымен қатар мектеп медбикелері М.Мырзашева және М.Ерденқызы вирусқа қарсы іс-шаралардың жүргізіліп жатқандығын және адам өміріне қауіпті індеттің алдын алу үшін бірігіп жұмыс жасау қажеттігін атап өтті.