Іс-шаралар » Страница 6 » Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Кордай ауданы білім бөлімінің
"Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 7-13-73
Есепші бөлімі:
+7(72636) 7-13-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Болашақты бірге отырғызамыз» атты ағаш отырғызу акциясы
10
май
2025
«Болашақты бірге отырғызамыз» атты ағаш отырғызу акциясы
Аталған экологиялық іс-шара аясында мектеп бітіруші 11-сынып түлектері 25 түп раушан гүлін (роза) отырғызды. Бұл игі бастама мектеп ауласын көгалдандыруға және оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды. Акцияға қолдау білдірген ата-аналарға демеушілік көмегі үшін зор алғысымызды білдіреміз. Іс-шараның мақсаты: • Мектеп аумағын абаттандыру және көгалдандыру; • Түлектердің туған мектепке деген ілтипатын білдіру; • Табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу; • Экологиялық
«Қамқор» жобасының негізінде «Жер сағаты» экологиялық акциясы жүргізілді.
10
май
2025
«Қамқор» жобасының негізінде «Жер сағаты» экологиялық акциясы
«Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес «Қамқор» жобасының негізінде «Жер сағаты» экологиялық акциясы жүргізілді. Жоба жетекшісі: Ыдырыс Ә.Н Мақсаты: Оқушылардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыру, экологиялық мәдениетін қалыптастыру, ғаламдық экологиялық мәселелерге назар аударту және энергияны үнемдеу, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану дағдыларын дамыту.
21 НАУРЫЗ – ЫНТЫМАҚ КҮНІ
10
май
2025
21 НАУРЫЗ – ЫНТЫМАҚ КҮНІ
Наурызнама онкүндігі аясында 21 наурыз – Ынтымақ күні аталып өтілді. Мақсаты : Мектебіміздің бірлігін нығайту, татулық пен достықты дәріптеу Шара барысында бірлік пен ынтымақтың маңыздылығын насихаттайтын көріністер қойып, ұлттық ойындар ойнап, мерекелік концертке ұласты.
23 наурыз – Тазару күні!
10
май
2025
23 наурыз – Тазару күні!
23 наурыз – Тазару күні! Наурыз мейрамының соңғы күні – Жаңару күніне орай «Жаңару – жақсылық бастауы» атты акция ұйымдастырылды. Бұл игі шараға ауыл тұрғындары белсенді түрде атсалысып, көшелер мен аулаларды тазалау, ағаш отырғызу, қоғамдық орындарды ретке келтіру жұмыстарын жүргізді. Акция аясында табиғатты қорғау мен тазалықты сақтаудың маңыздылығы айтылып, қатысушылар қоршаған ортаны күтіп ұстауға үндеуге шақырылды.
Наурыз мейрамы құтты болсын!
10
май
2025
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, береке мен бірліктің мерекесі. Бұл күні әр шаңыраққа шаттық орнап, қуаныш пен молшылық еселене түссін! Көңілдеріңіз жадырап, өмірлеріңіз көктемдей гүлдене берсін! Бір-бірімізге деген мейіріміміз артып, жақсылықтар көбейе берсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әрбір атқан таң қуаныш пен табыс әкелсін! Наурыз құтты, мерекелі болсын!
20 наурыз – Ұлттық спорт күні 20 наурыз – ұлттық спорт пен дәстүрлі ойындарды дәріптейтін маңызды күн.
10
май
2025
20 наурыз – Ұлттық спорт күні 20 наурыз – ұлттық спорт пен дәстүрлі
20 наурыз – Ұлттық спорт күні 20 наурыз – ұлттық спорт пен дәстүрлі ойындарды дәріптейтін маңызды күн. Бұл мереке қазақ халқының мәдени мұрасын, ата-бабадан келе жатқан спорттық ойындарын ұлықтауға арналған.Осы күнге орай ұлттық спорт жарыстары ұйымдастырылып, жастар мен жасөспірімдерге ата-бабамыздан жеткен спорт түрлері кеңінен таныстырылды.
17 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр » күні
10
май
2025
17 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр » күні
«Әжелер» , «Жеңгелер » , «Ағалар » клубының ұйымдастыруымен 17 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр » күніне орай мектебімізде оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, ұлттық мәдениетті құрметтеуге баулу мақсатында қолөнер ұйымдастырылып, қазақтың қасиетті дәстүрлерінің бірі – тұсаукесер рәсімі өткізілді. (АПҚО)
«Әжелер» , «Жеңгелер » , «Ағалар » клубының ұйымдастыруымен 17 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр » күні
10
май
2025
«Әжелер» , «Жеңгелер » , «Ағалар » клубының ұйымдастыруымен 17 наурыз
«Әжелер» , «Жеңгелер » , «Ағалар » клубының ұйымдастыруымен 17 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр » күніне орай мектебімізде ұлттық салт-дәстүрді ұлықтау мақсатында қолөнер ұйымдастырылып, қазақтың қасиетті дәстүрлерінің бірі – тұсаукесер рәсімі өткізілді. (АПҚО) Мақсаты: оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, ұлттық мәдениетті құрметтеуге баулу, сондай-ақ қазақ халқының қасиетті дәстүрлерінің бірі – тұсаукесер рәсімі арқылы балалардың бойына ұлттық тәрбиені сіңіру
Шаңырақ күні – Береке мен бірліктің символы!
10
май
2025
Шаңырақ күні – Береке мен бірліктің символы!
Шаңырақ – қазақ халқы үшін қасиетті ұғым. Ол – отбасының, туған жердің, тұтастық пен татулықтың белгісі. Отбасы – қоғамның іргетасы, ұрпақ тәрбиесінің алтын бесігі. Шаңырақ күні – жанұя құндылықтарын насихаттайтын ерекше мереке. Осы орайда Тлеужановтар әулеті жанұя құндылықтарымен бөлісті Отбасымыз аман, еліміз тыныш, шаңырағымыз биік болсын! Әр үйде бақыт пен махаббат, жылулық пен сыйластық орнасын!