Оқушыларға » Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Кордай ауданы білім бөлімінің
"Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 7-13-73
Есепші бөлімі:
+7(72636) 7-13-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
Құқық бұзушылыққа жол бермеу алдын-алу
22
декабрь
2025
Құқық бұзушылыққа жол бермеу алдын-алу
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандардың тыйым салынған уақытта көшеде жүрмеуін қадағалау мақсатында мобильдік топтың қатысуымен рейдтік іс-шара жүргізілді. Рейд барысында кәмелетке толмағандар тарапынан құқықбұзушылықтар анықталған жоқ. Мұндай профилактикалық іс-шаралар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Ата-аналар мен заңды өкілдерді балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және олардың қауіпсіздігіне
«Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат» тақырыбында мектебімізде Желтоқсан оқиғасының қатысушысы әрі куәгері Майра апаймен тағылы
22
декабрь
2025
«Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат»
«Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат» тақырыбында мектебімізде Желтоқсан оқиғасының қатысушысы әрі куәгері Майра апаймен тағылымды кездесу-сұқбат ұйымдастырылды. Кездесу барысында Майра апай Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы, сол кезеңдегі жастардың ерлігі мен елге деген сүйіспеншілігі туралы естеліктерімен бөлісті. Оқушылар тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегенін түсініп, отансүйгіштікке, ел тарихын құрметтеуге тәрбиеленді.
«Тәуелсіздік – ел бақыты!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
22
декабрь
2025
«Тәуелсіздік – ел бақыты!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме аясында оқушылар кітапханаға экскурсия жасап, тәуелсіздік жылдарында жарық көрген шығармалармен қатар Желтоқсан оқиғасына арналған әдебиеттермен танысты. Атап айтқанда, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызы, оған қатысқан ерлердің ерлігі мен ел тәуелсіздігі жолындағы күресін бейнелейтін шығармалар насихатталды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру, Желтоқсан қаһармандарының ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру
“Бірлік және ынтымақ” құндылығы аясында іс-шаралар
22
декабрь
2025
“Бірлік және ынтымақ” құндылығы аясында іс-шаралар
“Бірлік және ынтымақ” құндылығы аясында іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ынтымағы жарасқан туған өлкем» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға туған өлкенің тарихы мен мәдени құндылықтарын таныта отырып, ұлтаралық татулықты, бірлік пен өзара сыйластықты дәріптеу. Танымдық сағат барысында қатысушыларға туған өлкенің ерекшеліктері, ел бірлігінің маңызы туралы мағлұмат беріліп, пікір алмасу ұйымдастырылды. Аталған іс-шара білім алушылардың азаматтық жауапкершілігін
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы
22
декабрь
2025
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай 7-сынып оқушылары арасында «Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен ертеңі» тақырыбында дебат ойыны өткізілді. Пікірсайыс барысында оқушылар ел тәуелсіздігінің маңызы, Қазақстанның қазіргі даму бағыты мен болашағы жайлы өз көзқарастарын білдіріп, ұшқыр ойлары мен шешендік қабілеттерін көрсетті. Іс-шара қорытындысы бойынша белсенділік танытып, үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталды. Осындай танымдық әрі тәрбиелік
«Жылулық — жүректен, қайырымдылық — білектен»
18
декабрь
2025
«Жылулық — жүректен, қайырымдылық — білектен»
5 желтоқсан – Еріктілер күніне орай «Қамқор» жобасы аясында еріктілер мұқтаж жандарға қолдау көрсету жұмыстарын жалғастыруда. Осы игі шара аясында 11-сыныптың ұлдары қариялардың ауласын тазалап, көмек көрсетіп қайтты. Ізгілікті істерге бастау болатын мұндай шаралар оқушылардың жауапкершілік пен жанашырлық қасиеттерін қалыптастыруға зор ықпал етеді.
«Маман иелерімен кездесу» іс-шарасы өткізілді.
11
декабрь
2025
«Маман иелерімен кездесу» іс-шарасы өткізілді.
Кәсіби бағдар беру жоспарына сай 11-сынып оқушыларымен 21450 әскери бөлімінің мамандарының қатысуымен «Маман иелерімен кездесу» іс-шарасы өткізілді. Кездесуді мектептің КББ жетекшісі Абдужапарова С.О. ұйымдастырды. Әскери мамандар оқушыларға өз қызметінің ерекшеліктері туралы айтып, сұрақтарға жауап беріп, болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар берді.
«Гендерлік зорлық-зомбылықсыз қоғам» тақырыбында республикалық акция аясында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
11
декабрь
2025
«Гендерлік зорлық-зомбылықсыз қоғам» тақырыбында республикалық акция
«Гендерлік зорлық-зомбылықсыз қоғам» тақырыбында республикалық акция аясында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Акцияның мақсаты – оқушылар мен ата-аналарға зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту және құқықтық сауаттылықты арттыру.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 14 Вперед