





Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытындағы балалар мен жасөспірімдердің толық демалуларына, танып білу, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыруға, балалардың өзін - өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамытуға, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық, спорт, саяхат пен өлкетану және басқа да танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау қажет. Жазғы демалыс балалардың жылдық бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады.Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең.Жазғы демалыс маусымында оқушылардың су айдындарында адам өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау оқушылардың ата-аналарына міндеттеледі. Оқушыларды жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шараларымен таныстыру мақсатында ауыл халқының көп шоғырланатын жерлеріне ескерту парақшалары ілініп, көпшіліктің назарына ұсынылды. Оқушылармен жеке түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, судағы қауіпсіздік шараларының маңызды бөліктері бойынша түсініктеме беріліп, ескертілді.