Іс-шаралар » Страница 16 » Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Кордай ауданы білім бөлімінің
"Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 7-13-73
Есепші бөлімі:
+7(72636) 7-13-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Күншуақ» жазғы сауықтыру лагері
08
январь
2025
«Күншуақ» жазғы сауықтыру лагері
27 мамыр күні мектепішілік «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің ашылуы мектеп ауласында өткізілді. Оқушылармен таныстырылым жұмыстары жүргізіліп, өнерпаз оқушылар ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Лагерь басшылығы оқушыларды құттықтап, бүлдіршіндерді маусым аралығы белсене қатысуларын, бос уақыттарын тиімді пайдалану жолдарын айтты.
Артқа салған кездесу жиырма жыл
08
январь
2025
Артқа салған кездесу жиырма жыл
Артқа салған кездесу жиырма жылды, Сағынышпен шырқатып ән мен жырды. Мектептегі бал күндерді еске аламыз, Сол шақтағы қызықты, біздер құнды. Бұл кездесу жанымызға нұр сыйласын, Бұл кездесу баршаңызға жыр сыйласын. Мектептегі естеліктер жанды тербеп, Бұл кездесу ұмытылмас үн сыйласын. Мектеп ұясын 20 жыл бұрын аяқтап, түлеп ұшқан түлектер жиын қонағы болып, 2 дана тігін машинасын сыйға тартты.
«Білімім – Отаныма!»
08
январь
2025
«Білімім – Отаныма!»
24 мамыр күні «Білімім – Отаныма!» жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаты өтілді. 2023-2024 оқу-жылының қорытындысында өткізілетін тәрбие сағатының мақсаты балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу болып табылады. Тәрбие сағатына барлық 1-11 сынып оқушылары қамтылды.
"Білім көзі бастауышта!"
08
январь
2025
"Білім көзі бастауышта!"
Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу; Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныту мақсатында "Білім көзі бастауышта!" бастауыш сыныппен қоштасу кеші болып өтті.
"Театрдың ғажайып әлемі" аудандық фестиваль
08
январь
2025
"Театрдың ғажайып әлемі" аудандық фестиваль
Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеудің, тұлғаның үйлесімді дамуының факторы ретінде балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдау және дамыту, өзін-өзі көрсетуге, әлемді бейнелі түсінуге бірегей қабілеттерін қалыптастару мақсатында БЖШО /Балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығының/ ұйымдастыруымен "Театрдың ғажайып әлемі" аудандық фестиваль-байқауында "Балдырғандар" ұжымы жүлделі ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Атаханова Малика Рузиевна. Құттықтаймыз!
"Бейбіт күн жасасын әлемде!"
08
январь
2025
"Бейбіт күн жасасын әлемде!"
7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай, оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, ерлік істері туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында "Бейбіт күн жасасын әлемде!" тақырыбында көркем еңбек пән мұғалімдері Г.Базарбаева және А.Тулемисованың ұйымдастыруымен өткізілген сурет салу, жоба қорғау байқауында жүлделі орындарға ие болған оқушылар марапатталды. Байқауға 7-8 сынып оқушылары қамтылды.
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күні
08
январь
2025
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күні
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күніне орай, "Ел қорғаған батырлар" және "Ұмытпаймыз ешқашан" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтілді. Сынып сағатына барлық 1-11 сынып оқушылары қамтылды.
"Қазақстан патриоты" төс белгісі
08
январь
2025
"Қазақстан патриоты" төс белгісі
№41 Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің АӘД пән мұғалімі Сакышев Н "Қазақстан патриоты" төс белгісімен марапатталды. Қордай ауданы Ауған соғысы ардагерлері төрағасы Д.Кыргизбаев. 6 мамыр, 2024 жыл.
"Талап, ар-ұят, ұлттық мүдде" құндылықтарын насихаттау
08
январь
2025
"Талап, ар-ұят, ұлттық мүдде" құндылықтарын насихаттау
Сабақ кезеңдерінде оқушыларға белсенді оқыту әдіс-тәсілдерiн тиімді қолдана отырып, өмірмен байланыстыру арқылы шығармашылықтарын дамыту және уақытты тиімді қолдану. Білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. "Талап, ар-ұят, ұлттық мүдде" құндылықтарын насихаттау мақсатында аудандық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында: - 1 "Ә" сыныбы "Ұсақтау және сатып алу" тақырыбында Базарбаева