Іс-шаралар » Страница 18 » Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Кордай ауданы білім бөлімінің
"Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 7-13-73
Есепші бөлімі:
+7(72636) 7-13-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
8-наурыз - Халықаралық әйелдер күні
03
декабрь
2024
8-наурыз - Халықаралық әйелдер күні
8-наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, достық қарым-қатынасты нығайту, мейірімділік, сыйластық деңгейін нығайту, мектеп өмірінде жағымды психологиялық ахуал жағдайын жақсарту барысында құттықтау-тілектер мен әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.
"Кедергілерден бірге өтейік!"
03
декабрь
2024
"Кедергілерден бірге өтейік!"
"Кедергілерден бірге өтейік!" тақырыбында мұғалімдер арасында тренинг жүргізілді. Тренинг мақсаты: Тәжірибе арқылы адам бойындағы эмоцияларды, сезімдерді, мәселелерді және көзқарастарды байланыстыру.
"Алғыс айту - парызым!"
03
декабрь
2024
"Алғыс айту - парызым!"
1 наурыз - Алғыс айту күніне орай, ауылдық орталық кітапхана меңгерушісімен бірлескен жиын болып өтті. Жиынға ауыл тұрғындары мен Отар ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері және 7-8 сынып оқушылары қамтылды. Мақсаты: Балалардың «Сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
"Бұрымды қыз" аудандық байқау
03
декабрь
2024
"Бұрымды қыз" аудандық байқау
Қазақ ұлтының салт-дәстүрімен. әдет-ғұрпы, мәдениетімізді сақтап, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, ұл мен қыз тәрбиесін дұрыс жолға қойып, ұлттық асыл мұраны қалыптастырып, ұрпаққа аманаттау мақсатында ұйымдастырылған "Бұрымды қыз" аудандық байқауында жүлделі ІІ орын иеленген 10 сынып оқушысы - Сулейменова Айым Бекболатқызы аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталды.
"Мамандықтың бәрі жақсы"
03
декабрь
2024
"Мамандықтың бәрі жақсы"
"Мамандықтың бәрі жақсы" тақырыбында мектеп оқушылары арасында "Мамандық" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру мақсатында фестиваль-сайыс ұйымдастырылды. Сайыс нәтижесі бойынша: Бас жүлде - 9 "В" сынып оқушылары - "Дәрігерлер" мамандығы, 88 балл нәтижесімен. 1 орын - 9 "Ә" сынып - "Полиция" мамандығы. 87 балл. 2 орын - 11 "Ә" сынып "Әскерлер" мамандығы. 86 балл. 3 орын - 10 "Ә" сынып "Ұстаздар" мамандығы. 85 балл. 9 "Б" сынып
"Алғыс айту - парызым"
03
декабрь
2024
"Алғыс айту - парызым"
№41 Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінде "Алғыс айту - парызым" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтілуде. Мақсаты: Оқушылардың үлкеннен кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту. Әдептілік, кішіпейілділік, ізгілікке тәрбиелеу. Педагогтар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл — күйден арылу, өзін — өзі тану, құрметтеу.
Сырда туған ақын, әдебиетші, драматург Әбділдә Тәжібаев
03
декабрь
2024
Сырда туған ақын, әдебиетші, драматург Әбділдә Тәжібаев
Сырда туған ақын, әдебиетші, драматург Әбділдә Тәжібаевтың құрметіне мәдениет үйінде орналасқан көне жәдігерлер мұражайының жетекшілігімен 5-6 сынып оқушылары арасында жиын болып өтті.
"Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ!"
03
декабрь
2024
"Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ!"
Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру, саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау. ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында "Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ!" тақырыбы
"Отты жылдар жаңғырығы"
03
декабрь
2024
"Отты жылдар жаңғырығы"
Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінде Ауған соғысында ерлік көрсеткен ардагерлердің бойындағы ержүректік, Отансүйгіштік қасиеттерін дәріптеу, Отанын, елін сүйе білуге тәрбиелеу мақсатында "Отты жылдар жаңғырығы" тақырыбында тарихқа шолу жиыны болып өтті. Мектеп кітапханашы Б.Тлемисова оқушыларға Ауған соғысында зардабы жайлы түсіндіру жұмысын жүргізіп, пікір алмасты.
Кеңес әскерлерінің Ауған жерімен шығарылғанына 35 жыл
03
декабрь
2024
Кеңес әскерлерінің Ауған жерімен шығарылғанына 35 жыл
Кеңес әскерлерінің Ауған жерімен шығарылғанына 35 жыл толуына орай, Отар ауылының тұрғындары арасында волейболдан спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Жарыс №1 Балалар мен жасөсіпірімдер дене шынықтыру клубында өткізілді. Мекеме қызметкерлері арасында №41 Кенен Әзірбаев атындағы команда мүшелері жүлделі ІІ орын иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!