Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі — бұл мектеп тарихына енетін
Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басып отыр. Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі — бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға. Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады. Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Еліміздің болашағы — Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай,